kk_obs/28.md

46 lines
4.0 KiB
Markdown
Raw Permalink Blame History

This file contains ambiguous Unicode characters

This file contains Unicode characters that might be confused with other characters. If you think that this is intentional, you can safely ignore this warning. Use the Escape button to reveal them.

# 28. Аса дәулетті жас жігіт
![Frame 28-01](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-01.jpg)
Сол кезде бір аса дәулетті жігіт Исаға келіп: «Ізгі Ұстаз, мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек?» — деген сұрақ қойды.
Иса оған: «Мені неге ізгі дейсің? Тек Құдай ғана ізгі. Мәңгілік өмірге ие болу үшін Оның өсиеттерін орындайтын бол!» — деп жауап берді.
![Frame 28-02](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-02.jpg)
Әлгі жігіт: «Өсиеттердің қайсыларын орындауым керек?» — деп сұрады. Иса: «Кісі өлтірме; неке адалдығын бұзба; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ата-анаңды сыйла!» және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» — деді.
![Frame 28-03](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-03.jpg)
Жас жігіт: «Мен бұл өсиеттердің барлығын бала күнімнен орындап келемін. Мәңгілік өмір сүру үшін тағы не істеуім керек?» — деді. Иса оған қарап тұрып, сүйіспеншілікпен:
![Frame 28-04](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-04.jpg)
«Егер кемелді болғың келсе, бар да, мал-мүлкіңді сатып, ақшасын кедейлерге тарат. Сонда қазынаң көкте болады. Содан кейін қайтып
келіп, шәкіртім болып соңымнан ер» — деді.
![Frame 28-05](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-05.jpg)
Исаның сөзін естіген жас жігіт қатты қапаланып, Оның қасынан кетіп қалады. Себебі ол аса бай болғандықтан, бар байлығынан айырылғысы келмеді.
![Frame 28-06](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-06.jpg)
Сонда Иса шәкірттеріне: «Байлардың Құдай патшалығына кіруі тым қиын! Байдың Құдай патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай», - деді.
![Frame 28-07](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-07.jpg)
Исаның сөзін естіген шәкірттері қатты таңғалып: «Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады?» — деп сұрады.
![Frame 28-08](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-08.jpg)
Иса шәкірттеріне қарап, былай деп жауап берді: «Бұл адамның қолынан келмегенмен, Құдайдың қолынан келеді».
![Frame 28-09](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-09.jpg)
Сонда Петір Исадан: «Біз бәрін тастап, Сіздің соңыңыздан еріп шәкірт болып жүрміз. Сонда біздің сыйымыз қандай болмақ?» — деп сұрады.
![Frame 28-10](https://cdn.door43.org/obs/jpg/360px/obs-en-28-10.jpg)
Иса былай деп жауап берді: «Маған бола үй-ішін, бауырларын, ата-анасын, бала-шағасы мен дүние-мүлкін қалдырған әркім жүз есе артығымен алады әрі мәңгілік өмірге ие болады. Алдыңғы қатардағылар соңғылар болады, ал соңғылар алдыңғы қатарға шығады».
_Матай 19:16-30, Марқа 10:17-31 және Лұқа 18:18-30 үзінділерден алынған Киелі кітап әңгімесі_