kk_obs/28.md

4.0 KiB
Raw Permalink Blame History

28. Аса дәулетті жас жігіт

Frame 28-01

Сол кезде бір аса дәулетті жігіт Исаға келіп: «Ізгі Ұстаз, мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек?» — деген сұрақ қойды. Иса оған: «Мені неге ізгі дейсің? Тек Құдай ғана ізгі. Мәңгілік өмірге ие болу үшін Оның өсиеттерін орындайтын бол!» — деп жауап берді.

Frame 28-02

Әлгі жігіт: «Өсиеттердің қайсыларын орындауым керек?» — деп сұрады. Иса: «Кісі өлтірме; неке адалдығын бұзба; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; ата-анаңды сыйла!» және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» — деді.

Frame 28-03

Жас жігіт: «Мен бұл өсиеттердің барлығын бала күнімнен орындап келемін. Мәңгілік өмір сүру үшін тағы не істеуім керек?» — деді. Иса оған қарап тұрып, сүйіспеншілікпен:

Frame 28-04

«Егер кемелді болғың келсе, бар да, мал-мүлкіңді сатып, ақшасын кедейлерге тарат. Сонда қазынаң көкте болады. Содан кейін қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер» — деді.

Frame 28-05

Исаның сөзін естіген жас жігіт қатты қапаланып, Оның қасынан кетіп қалады. Себебі ол аса бай болғандықтан, бар байлығынан айырылғысы келмеді.

Frame 28-06

Сонда Иса шәкірттеріне: «Байлардың Құдай патшалығына кіруі тым қиын! Байдың Құдай патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай», - деді.

Frame 28-07

Исаның сөзін естіген шәкірттері қатты таңғалып: «Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады?» — деп сұрады.

Frame 28-08

Иса шәкірттеріне қарап, былай деп жауап берді: «Бұл адамның қолынан келмегенмен, Құдайдың қолынан келеді».

Frame 28-09

Сонда Петір Исадан: «Біз бәрін тастап, Сіздің соңыңыздан еріп шәкірт болып жүрміз. Сонда біздің сыйымыз қандай болмақ?» — деп сұрады.

Frame 28-10

Иса былай деп жауап берді: «Маған бола үй-ішін, бауырларын, ата-анасын, бала-шағасы мен дүние-мүлкін қалдырған әркім жүз есе артығымен алады әрі мәңгілік өмірге ие болады. Алдыңғы қатардағылар соңғылар болады, ал соңғылар алдыңғы қатарға шығады».

Матай 19:16-30, Марқа 10:17-31 және Лұқа 18:18-30 үзінділерден алынған Киелі кітап әңгімесі