kk_obs/back.md

1.7 KiB
Raw Permalink Blame History

Қосылыңыз!

Біз осы суреттелген ықшам Киелі кітапты дүние жүзіндегі барлық тілде оқуға мүмкіндік жасағымыз келеді. Сіз бұған өз үлесіңізді қоса аласыз! Бұл мүмкін. Егер Мәсіхтің біртұтас рухани денесі ретінде бірге аударма жасап, осы материалдарды тарататын болсақ, онда осылай еңбектенуіміз арқылы көздеген мақсатқа жете аламыз.

Тегін таратыңыз!

Осы кітаптың көшірмелерін ешқандай шектеусіз таратуыңызға болады. Барлық электронды нұсқасын ғаламтордан (интернеттен) тегін алуға болады. Осылайша сіз осы кітапты қайта басып шығару және сату мақсатында да оны біздің сайтымыздан ешқандай лицензиялық төлемсіз жүктеп ала аласыз. Бұл үшін openbiblestories.org сайтынан толығырақ қараңыз.

Таратыңыз!

Киелі кітап әңгімелері жөніндегі басқа тілдердегі бейнероликтер мен ұялы телефонға арналған қолданбаларды openbiblestories.org. сайтынан жүктеп алыңыз. Осы сайт арқылы сіз Киелі кітап әңгімелерін өз тіліңізге аударуға да көмектесе аласыз!