kk_obs/50.md

9.4 KiB
Raw Permalink Blame History

50. Иса қайтып келеді

Frame 50-01

Екі мың жыл бойы адамдар Иса Мәсіх туралы Ізгі хабарды естіп келеді. Қауымдар да өсіп жатыр. Иса ақыр заманның алдында қайтып келетіні жөнінде уәде етті. Ол әлі келмеген болса да, Өз уәдесін міндетті түрде орындайтын болады.

Frame 50-02

Исаның қайта келетінін күтіп жүрген қазіргі уақытта, Құдай біздің Оны қастерлеп, киелі өмір сүргенімізді әрі басқаларға Оның Патшалығы туралы айтқанымызды қалайды. Иса жер бетінде өмір сүргенде былай деген болатын: «Менің шәкірттерім жер бетіндегі барлық халыққа Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды уағыздамақ. Содан кейін бұл заманның ақыры келеді».

Frame 50-03

Көптеген халықтар әлі күнге дейін Иса туралы естімеген, сондықтан Иса көкке оралмас бұрын Өзінің шәкірттеріне Ізгі хабарды әлі естімеген адамдарға жариялауды тапсырған болатын. Ол былай деген: «Барлық халықтарға барыңдар. Оларды Менің шәкірттерім етіңдер!». Сонымен қатар Ол: «Егін жинауға дайын пісіп тұр. Егін көп, ал жұмысшылар аз. Сондықтан егіннің Иесінен оны жинап алатын жұмысшылар жіберуін өтініңдер», — деген. Бұл Ізгі хабар тарататын шәкірттер көп болу керек деген мағынаны білдіреді.

Frame 50-04

Иса тағы былай деген: «Қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес. Адамдар сендерді Маған бола жек көріп, қудалайтын болады. Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер, алайда батыл болыңдар, Мен осы дүниені жеңіп шықтым! Егер Маған соңына дейін адал болып қалсаңдар, онда Құдай сендерді құтқарады».

Frame 50-05

Иса шәкірттеріне ақыр заманда адамдарға не болатынын түсіндіру үшін мына бір астарлы әңгімені айтып берді: «Бір адам егістігіне жақсы тұқым егеді. Ол ұйықтап жатқанда жауы келіп, бидай арасына арамшөптің тұқымын шашып кетеді».

Frame 50-06

Бидай көктеп шыққанда, арам шөп те өсіп шығады. Сонда әлгі кісінің қызметшілері одан: «Мырза, сіздің сепкеніңіз жақсы тұқым еді ғой, ал мына арамшөп қайдан шыққан?»— деп сұрайды. Қожайын: «Бұны жауларымның бірі істеді», — деп жауап береді.

Frame 50-07

Қызметшілер қожайыннан: «Арамшөпті отап тастайық па?» - деп сұрайды. Қожайын: «Жоқ. Сендер арамшөпті отаймыз деп, бидайды да жұлып тастарсыңдар. Егін орылғанша күте тұрайық, содан кейін арамшөптерді жинап, өртеп жіберіңдер. Ал бидайды жинап, менің қамбама құйыңдар», — деп жауап береді».

Frame 50-08

Шәкірттері бұл әңгіменің мағынасын түсінбей, Исадан мұны түсіндіріп беруін өтінеді. Иса былай деп жауап береді: «Жақсы тұқым сепкен — Мәсіх. Егіндік осы дүние. Жақсы тұқым — Құдай Патшалығының халқы.

Frame 50-09

Арамшөп шайтанның адамдарын бейнелейді. Арамшөптің тұқымын еккен шайтан. Егін ору уақыты ақырзаманды бейнелейді, ал орушылар Құдайдың періштелері.

Frame 50-10

Заманның ақыры болғанда періштелер шайтанның адамдарын жинап алып, жалындаған отқа лақтырады. Сонда олар зар еңіреп жылап, қинала тістенетін болады. Ал Исаның соңынан ерген әділ адамдар Құдай Әкелерінің Патшалығында күн сәулесіндей жарқырайтын болады».

Frame 50-11

Заманнның ақыры орнамас бұрын Иса жерге қайтып келетіні жөнінде уәде еткен. Ол көкке қалай кеткен болса, тура солай бұлтқа оранып қайтып келеді. Иса қайтып оралған кезде, бұ дүниеден кеткен сенушілер қайтадан тіріліп, Исамен көкте кездесетін болады.

Frame 50-12

Ал осы дүниеде тірі жүрген сенушілер өлімнен қайта тірілген сенушілермен бірге көкке көтеріледі. Олар өзінің халқымен мәңгі өмір сүретін Исамен бірге болады. Иса олармен бірге тұрғандықтан, адамдар мәңгілік тыныштықта болады.

Frame 50-13

Иса Өзіне сенген әрбір адамға «шынайы өмірдің тәжін» сыйлауға уәде еткен. Сол адамдар Құдаймен бірге бүкіл әлемді басқарып, шынайы тыныштықта өмір сүретін болады.

Frame 50-14

Алайда Құдай Исаға сенбеген әркімді соттап, тозақ отына тастайды. Сол жерде олар зар еңіреп жылап тістенетін болады. Олар мәңгілік азап шегетін болады. Мәңгі жанып тұратын от оларды жалмап, тәндерін кеміретін құрттар да өлмейді.

Frame 50-15

Иса қайтып келгенде шайтан мен оның патшалығын түпкілікті жояды. Иса шайтанды тозақ отына лақтырады. Шайтан Құдайға мойынсұнбағандармен бірге тозақ отында мәңгі жанатын болады.

Frame 50-16

Адам ата мен Хауа ана Құдайға мойынсұнбағандықтан осы дүниеге күнә енді. Сондықтан Құдай жер бетін қарғап, бір күні оны мүлдем жоятын болады. Алайда Құдай мүлтіксіз жаңа аспан мен жаңа жерді жаратады.

Frame 50-17

Иса және Оның халқы сол Жаңа Жерде өмір сүретін болады. Ол сол жерде мәңгі билік құрады. Иса адамдардың көз жасын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып ешкім жыламайды, қиналып азап шекпейді. Ауру өлім болмайды. Зұлымдық атаулы жойылады. Иса Өз Патшалығында әділдікпен және тыныштықпен билік жүргізетін болады. Ол Өз халқымен мәңгі бірге болады.

Матай жазған Ізгі хабар 24:14; 28:18, Жохан жазған ізгі хабар 15:20, 16:33, Аян жазбасы 2:10, Матай жазған Ізгі хабар 13:24-30, 36-42, Салониқалықтарға арналған 1 - хат 4:13-5:11, Жақыптың хаты 1:12, Матай жазған ізгі хабар 22:13 және Аян жазбасы 20:10, 21:1-22:21