kk_obs/45.md

7.9 KiB
Raw Permalink Blame History

45.Степан мен Філіп

Frame 45-01

Исаға сенушілердің саны өсе берді, ал елшілер қауымды басқару үшін өздеріне көмекшілер таңдап алды. Степан көпшіліктің құрметіне ие болған адам еді. Құдайдың құдіретіне және даналығына кенелген Степан халық арасында көптеген кереметтер жасап жүрді. Степанның уағызынан кейін көптеген адамдар Исаның жолына түсті.

Frame 45-02

Бір күні Степан Иса туралы тәлім беріп жатқанда басқа өлкелерден келген яһудилер оған қарсы шығып, айтыса бастады. Бірақ олар оның даналығына қарсы ештеңе істей алмады. Сонда олар өзара сөз байласып, Степан Мұсаға және Құдайдың Өзіне тіл тигізді деп өтірік жала жапты. Мұны естіген басшылар мен дін мұғалімдері қатты ашуланды. Олар Степанды ұстап алып, басты діни қызметкерге алып келді. Сол жерге жалған куәгерлер алға шығып, Степанға жала жапты.

Frame 45-03

Бас діни қызметкер Степаннан: «Мыналардың сен туралы айтқандары рас па?» — деп сұрады. Степан бас діни қызметкерге Құдайдың Ыбырайымның заманынан бастап Исаның заманына дейінгі аралықта Исраил халқының арасында көптеген кереметтер жасағаны жөнінде баяндап берді. Бірақ адамдар Құдайға мойынсұнбады әрі Оның еркіне қарсы әрекет етті. Степан: «Ей, қасарысқандар, сіздер Құдайға бағынбадыңыздар! Ата-бабаларыңыз сияқты сіздер Киелі Рухқа қарсы шығып келесіздер. Олар Құдайдан бас тартып, Оның пайғамбарларын өлтірді. Ал сіздер олардан да асып түстіңіздер! Сіздер Мәсіхті өлтірдіңіздер!» — деді.

Frame 45-04

Мұны естіген адамдар ашуға булықты; құлақтарын жауып алып, айқай-шу шығарып, Степанға бас салды. Олар оны қаладан алып шығып, тас лақтырып өлтірді.

Frame 45-05

Степанды таспен ұрып жатқан кезде ол: «Ием Иса, рухымды Өзіңе ала гөр!» — деп сиынды. Сосын тізерлеп тұрып: «Ием, олардың бұл күнәсін мойындарына арта көрме!» — деп қатты дауыстады. Осыларды айтысымен ол жан тапсырды.

Frame 45-06

Сол күннен бастап Иерусалимнің көптеген адамдары Исаның шәкірттерін қудалай бастайды, сондықтан сенушілер Яһудея мен Самарияның аймақтарына қашып кетеді. Бірақ қудалауға қарамастан олар қайда барса да, Иса туралы Ізгі хабарды жариялап жүрді.

Frame 45-07

Філіп елшілердің көмекшілерінің бірі болды. Басқа сенушілер сияқты ол да Иерусалимнен қашқан болатын. Філіп Самарияға барып, Иса туралы Ізгі хабарды уағыздады. Көптеген адамдар Исаға сенім артып, құтқарылды. Бір күні Філіпке Құдайдың періштесі келіп, белгілі бір жолмен елсіз жолға шығуды тапсырды. Філіп сол жолмен жүрді. Жол бойында ол күймеде келе жатқан адамды кездестірді. Ол Эфиопияның қазынасын басқаратын уәзір екен. Киелі Рух Філіпке сол адамға жақындап, онымен сөйлесуді тапсырды.

Frame 45-08

Філіп күймеге жақындағанда, сол кісінің Құдай сөзін оқып отырғанын естіді. Үзінді Ишая пайғамбардың жазбасынан еді: «Оны қой сияқты сойылатын жерге алып барды. Ол қырқылып жатқанда үні шықпайтын тоқты секілді тіс жармады. Ол жәбірленіп, әділ сотталу құқығынан айырылды».

Frame 45-09

Сонда Філіп сол кісіден: «Оқып отырғаныңыз түсінікті ме?» — деп сұрады. Уәзір былай деп жауап берді: «Біреу түсіндірмесе, қалай түсінемін?. Күймеге мініп, қасыма отырыңызшы. Пайғамбар осы сөздерді өзі туралы айтып тұр ма, әлде басқа біреу туралы ма?»

Frame 45-10

Філіп күймеге отырып, эфиопиялық уәзірге Ишаяның пайғамбарлық сөзінде Иса туралы айтылғанын түсіндірді. Філіп сол адамға Киелі жазбаның басқа да да бөлімдері туралы түсіндіріп, Иса туралы Ізгі хабарды айтып берді.

Frame 45-11

Сол уақытта Філіп пен эфиопиялық уәзір судың қасынан өтіп бара жатты. Эфиопиялық уәзір: «Мынау су ғой. Осы жерде суға шомылдыру рәсімінен өтуіме бола ма?» — деп өтінді. Філіп оған: «Шын жүректен сенсеңіз, болады», — деді. Эфиопиялық уәзір: «Иә, Исаның Құдайдың (рухани) Ұлы екеніне сенемін», — деді. Содан кейін ол күймені тоқтатуды бұйырды.

Frame 45-12

Олар суға түсті, Філіп эфиопиялық уәзірді суға шомылдыру рәсімінен өткізді. Олар судан шыққанда, Киелі Рух Філіпті білдіртпей алып кетті. Філіп сол жерді аралап, адамдарға Иса туралы Ізгі хабарды айтып жүрді.

Frame 45-13

Ал эфиопиялық уәзір үйіне қарай жолын жалғастырды. Ол Иса туралы естігеніне қатты қуанды.

Елшілердің істері 6:8-8:5; 8:26-40 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі