kk_obs/43.md

6.7 KiB
Raw Permalink Blame History

43.Қауымның пайда болуы

Frame 43-01

Иса көкке оралғаннан кейін шәкірттері Исаның бұйрығымен Иерусалимде қалды. Олар әрдайым бірге жиналып, мінажат етіп жүрді.

Frame 43-02

Яһудилер жыл сайын Құтқарылу мейрамынан елу күн өткеннен кейін Елуінші күн деп аталатын алғашқы өнім мейрамын өткізетін. Бірге тойлау үшін бүкіл әлемдегі яһудилер Иерусалимде жиналатын. «Елуінші күн» мейрамы Исаның көкке оралғанына бір аптадай уақыт өткеннен кейін болды.

Frame 43-03

Елуінші күн мейрамы келгенде, сенушілердің бәрі бірге болды. Кенет көктен бір қатты жел соққандай шу естіліп, олар отырған бүкіл үйді алып кетті. Сонда олардың әрқайсысының үстінде жалындай жалаңдаған тілдер пайда болды. Сенушілердің бәрі Киелі Рухқа кенеліп, басқа тілдерде Құдайды мадақтай бастады. Олар осы тілдерді білмейтін, бірақ Киелі Рухтың өздеріне берген дарындарына сәйкес бөтен тілдерде сөйледі.

Frame 43-04

Ирусалимдегі адамдар осы шуды естігенде, сол жерге көп халық жиналды. Барлығы не болып жатқанын көргісі келді. Жиналғандар әртүрлі елдерден келгендіктен, әртүрлі тілдерде сөйлейтін, ал Исаның шәкірттері Ғалилеядан келгендіктен, тек арамей және грек тілдерінде ғана сөйлей алатын. Бірақ бұл күні Исаның шәкірттері әртүрлі тілдерде сөйлегендіктен, адамдар қатты таң қалды, өйткені жиналғандардың әрқайсысы Құдайдың істері туралы қуанышты хабарды өз тілінде естіді.

Frame 43-05

Жиналғандардың кейбіреулері: «Сірә, олар шарапқа тойып алған болса керек», — деп мысқылдады. Бірақ Петір оларға қатты дауыстап: «Уа,халайық, сөзіме құлақ түріңдер! Бұл адамдар мас емес! Ал енді Жоел пайғамбар айтқан сөздердің орындалғанын көріп тұрсыңдар: «Құдай: «Осы заманның соңында Мен өз Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне төгемін», — деген.

Frame 43-06

Уа, исраилдіктер, Иса көптеген кереметтер мен ғажаптар жасады. Осы арқылы Өзінің Кім екенін көрсетті. Мұны өздерің білесіңдер, өйткені бәрін көрдіңдер. Бірақ сендер Оны айқышқа шегелеттіңдер!

Frame 43-07

Сендер Исаны өлтірткен едіңдер, бірақ Құдай Оны өлімнен қайта тірілтті. Осылайша алдын ала айтылған: «Қасиетті Адамыңның тәнін шірітпейсің» деген пайғамбарлық сөздер орындалған еді. Құдай Исаны тірілтіп алды, біз соған куәміз.

Frame 43-08

Құдай Әке Исаға Өзінің оң жағында отыру мәртебесін берді. Иса Өзі уәде еткендей бізге Киелі Рухты жіберді. Қазір сендердің естіп, көріп тұрғандарыңның барлығын Киелі Рух істеп жатыр.

Frame 43-09

Сендер Исаны айқышқа шегелеттіңдер. Бірақ мынаны біліп қойыңыздар: Құдай Оны Мәсіх және тіршілік атаулының Иесі етіп тағайындады.

Frame 43-10

Петірдің сөздерін естіген халық қатты әсер алды. Олар Петір мен елішлерден: «Ағайындар-ау, енді не істеуіміз керек?» — деп сұрады.

Frame 43-11

Сонда Петір былай деп жауап берді: «Күнәларыңның кешірілуі үшін теріс жолдан қайтыңдар!» Сөйтіп әрқайсысың Иса Мәсіхтің атымен суға шомылдыру рәсімінен өтіңдер. Сонда сендер Құдайдың сыйы ретінде Киелі Рухты қабылдайсыңдар».

Frame 43-12

Сол күні үш мыңдай адам Петірдің сөздеріне сеніп, Исаның шәкірті болды. Олар теріс жолдан қайтып, Құдайға бет бұрды. Сөйтіп суға шомылдыру рәсімінен өтіп, қауымға қосылды.

Frame 43-13

Сенушілер жиі бірге жиналып жүрді. Олар әрдайым елшілердің тәлімдерін тыңдап, дұға етіп, Құдайды мадақтады. Олар бірге тамақтанып, бір-біріне барынша көмектесіп отырды. Қала тұрғындары оларды ұнатты, күн сайын сенушілер саны көбейе берді.

Елшілердің істері 2- тараудан алынған Киелі кітап әңгімесі