kk_obs/41.md

4.4 KiB
Raw Permalink Blame History

41. Құдайдың Исаны өлімнен қайта тірілтуі

Frame 41-01

Жасақшылар Исаны айқышқа шегелегеннен кейін, басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Пилатқа келіп: «Әлгі алдамшы тірі кезінде «үш күннен кейін өлімнен қайта тірілемін» деген болатын. Сондықтан қабірді үшінші күнге дейін күзетуге бұйыра көріңіз. Әйтпесе Оның шәкірттері сүйегін алып кетіп, халыққа «өлімнен қайта тірілді» деп жүрулері мүмкін», — деді.

Frame 41-02

Пилат: «Қарауыл тобын алыңдар. Барып, қабірді өздерің білгендеріңше күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етіңдер», — деді. Олар барып, Исаның денесін ешкім ұрлап кетпеу үшін қақпақ тасты мөрмен бекітіп, мазардың айналасына күзетшілер қойып кетті.

Frame 41-03

Иса өлгеннен кейінгі күн демалыс күні болатын. Бұл күні жұмыс істеуге және кез келген кәсіппен айналысуға тыйым салынған болатын, сондықтан Исаның шәкірттері Оның қабіріне бармады. Ал демалыс күнінен кейінгі келесі күні, бірнеше әйел таңертең ерте Исаның қабіріне барды. Олар Оның мәйітіне май жағу салтын орындау үшін иісмайларын дайындады.

Frame 41-04

Әйелдер қабірге жете бергенде қатты жер сілкінді. Сол кезде аспаннан бір періште түседі. Ол қабірдің аузын жауып тұрған тасты домалатып, үстіне отырды. Періште найзағайдай жарқырап тұрды. Қабір басындағы күзетшілер оны көріп, қорқып, өліп қалғандай жерге құлап түсті.

Frame 41-05

Әйелдер қабірге келгенде, олар да періштені көрді. Періште әйелдерге: «Қорықпаңдар. Сендердің Исаны іздеп келгендеріңді білемін, бірақ Ол мұнда жоқ. Ол Өзі айтқандай, өлімнен қайта тірілді! Қабірге кіріп қараңдар», - деді. Әйелдер қабірге кіріп қарағанда, Исаның жатқан орнын көрді, бірақ сонда Оның денесі болмады!

Frame 41-06

Періште әйелдерге былай деді: «Енді барып Оның шәкірттеріне мынаны жеткізіңдер: «Иса өлімнен қайта тірілді, Ол сендерді Ғалилеяда күтіп алады»».

Frame 41-07

Әйелдер таңқалып қуанып кетті. Олар осы Ізгі хабарды Исаның шәкірттеріне айту үшін жүгіріп кетеді.

Frame 41-08

Әйелдер әлі жолда келе жатқанда, кенет алдарынан Иса кездеседі. Олар жерге дейін иіліп тағзым етіп, Оның аяғына қолдарын тигізеді. Иса оларға: «Қорықпаңдар. Шәкірттеріме барып, Ғалилеяға жөнелсін деп айтыңдар. Сол жерде олар Мені көреді», — деп тапсырды.

Матай 27:62-28:15, Марқа 16:1-11, Лұқа 24:1-12 және Жохан 20:1-18 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі