kk_obs/39.md

7.3 KiB
Raw Permalink Blame History

39. Исаның сот алдында тұруы

Frame 39-01

Түн ортасында жасақшылар Исаны бас діни қызметкердің сарайына алып келді. Ол Исаны тергемекші болады. Петір алыстан олардың артынан ілесіп отырды. Жасақшылар Исаны бас діни қызметкерге алып келген кезде, Петір сыртта қалып, жылыну үшін оттың қасына келіп тұрды. Сол жерде қызметшілер мен сақшылар да жылынып тұрған еді.

Frame 39-02

Осы уақытта рубасылар және Таурат заңын үйретушілер бас діни қызметкердің сарайында Исаны тергей бастады. Олар Исаға қарсы жалған куәлік беретін адамдарды тауып алған еді. Бірақ олардың айтқандары бір-біріне сай келмеді. Сондықтан олар Исаға жала жауып кінәлай алмады. Иса да Өзін ақтау үшін ештеңе айтпады.

Frame 39-03

Ақырында бас діни қызметкер Исаның бетіне қарап: «Бізге айтып бер: Сен Құдайдың Ұлы — Мәсіхсің бе?» — деген сұрақ қойды.

Frame 39-04

Иса: «Өзіңіз айтып тұрсыз, Менің Құдайдың оң жағында отырғанымды және көктен келе жатқанымды көретін боласыңдар!» — деп жауап берді. Исаның сөздеріне ашуланған бас діни қызметкер шапанының өңірін айыра жыртты. Ол айқайлап: «Бізге бұл Адамның не істегенін айтатын басқа куәгерлердің қажеті жоқ! Оның Құдайдың Ұлымын дегенін өздеріңіз естідіңіздер. Оған қарсы қандай шешім қабылдайсыз?» - деді.

Frame 39-05

Ондағылардың бәрі бас діни қызметкерге жауап ретінде: «Ол өлім жазасына лайық!» — деп айқайлады. Олар Исаның көзін байлап, бетіне түкірді, Оны ұрып-соғып, мазақ етті.

Frame 39-06

Сол уақытта Петір сарайдың сыртында күтіп тұрған еді. Оны көріп қалған бір қызметші оған: «Сен де Исамен бірге жүретін едің ғой!» — деді. Бірақ Петір мойындамады. Кейінірек басқа бір қызметші қыз оған дәл солай айтқан кезде, Петір тағы да мойындамады. Ақырында кейбір адамдар: «Сенің Исамен бірге жүргеніңді білеміз, екеуің де Ғалилеядансыңдар ғой», — деді.

Frame 39-07

Петір Исаны білмеймін деп ант ішіп былай деді: «Мен ол адамды мүлде білмеймін, не деп тұрғандарыңды түсінбедім!» Сонда Иса бұрылып Петірге қарады, Петірдің есіне Исаның: «Бүгін түнде әтеш шақырғанша Менен үш рет танасың» деген сөзі түсті.

Frame 39-08

Петір сыртқа шығып, қатты налып жылады. Сол кезде Исаға опасыздық жасаған Яһуда Исаның өлім жазасына кесілгенін естіді. Ол ісіне өкініп, бас діни қызметкерлер мен рубасыларына барып, олардың берген ақшасын қайтарып береді, сөйтіп дарға асылып өледі.

Frame 39-09

Сол уақытта Яһудея аймағының әміршісі Пилат болатын. Діни қызметкерлер мен рубасылар Исаны Пилаттың алдына алып барады. Олар римдік әміршінің Исаны тергеп, өлім жазасына кескенін қалады. Пилат Исадан: «Сен Яһудилердің патшасысың ба?» — деп сұрады Frame 39-10

Иса оған: «Өзіңіз айтып тұрсыз. Менің Патшалығым осы дүниелік емес», деп жауап берді. Әйтпесе Менің қыметшілерім Мен үшін күресетін еді. Мен осы әлемге Құдай туралы шындықты жеткізу үшін келдім. Шындықты жақтайтын әркім Менің сөздеріме құлақ салады». Әмірші Пилат Исадан: «Шындық деген не?» — деп сұрады.

Frame 39-11

Исамен сөйлескеннен кейін Пилат халықтың алдына шығып: «Мына Адамнан өлім жазасына кесетіндей ешқандай кінә таппай тұрмын», — деді. Бірақ бас діни қызметшілер, рубасылар мен жиналған халық: «Айқышқа шегеленсін!» — деп айқалады. Пилат оларға: «Бұл Адам сіздер кінәлайтындай ешқандай қылмыс жасаған жоқ». Бірақ жиналған халық бұрынғыдан да қатты айқалай берді. Сонда Пилат үшінші рет: «Мен Одан ешқандай кінә таппай тұрмын!» — деді. Бірақ жиналған халық: «Ол айқышқа шегеленсін!» — деп айқай салды.

Frame 39-12

Халық көтеріліске шығады деп қауіптенген Пилат олардың талаптарын орындап, жасақшыларға Исаны айқышқа шегелеуді бұйырады. Рим жасақшылары Исаға қамшымен дүре соғады. Олар Исаның үстіне қызыл шапан жауып, басына тікенді тәж кигізіп: «Қараңдар, мынау яһудилердің Патшасы!» — деп келекеледі

Матай 26:57-27:26, Марқа 14:53-15:15, Лұқа 22:54-23:25 және Жохан 18:12-19:16 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі