kk_obs/33.md

4.5 KiB
Raw Permalink Blame History

33. Диқан туралы әңгіме

Frame 33-01

Бір күні Иса көлдің жағасына барып, барша халыққа тәлім берді. Оны тыңдауға келген халықтың көп болғаны сонша, жағадан шегініп тұру үшін Иса суда тұрған қайыққа мінді. Сонда адамдар оны жақсы көре де, ести де алатын болды. Қайыққа жайғасқаннан кейін Ол халыққа тәлім бере бастады.

Frame 33-02

Иса адамдарға мына астарлы әңгімені айтып берді: «Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде дәндердің кейбіреулері жол бойына түсіп қалады. Құстар ұшып келіп, оларды шоқып жеп қояды.

Frame 33-03

Басқа тұқымдар топырағы аз тастақ жерге түседі. Тастақ жерге түскен тұқым тез көктеп шығады, бірақ тамырын терең жая алмайды. Алайда күн шығып, ыстық болған кезде сабақтары күйіп, қурап қалады.

Frame 33-04

Тікенді бұталардың арасына түскен дәндер де болды. Бұл тұқымдар өне бастағанда, тікенектер оларды тұншықтырып өсірмей тастайды. Сондықтан тікенектер арасында өскен өсімдіктер ешқандай өнім бермеді.

Frame 33-05

Өзге тұқымдар құнарлы топыраққа түседі. Олар өсіп, себілген тұқымдардан отыз, алпыс, тіпті жүз есе көп өнім берді. Кім Құдайдың соңынан ергісі келсе, Менің айтқандарыма құлақ ассын!»

Frame 33-06

Шәкірттері бұл әңгімені түсінбеген еді, сол себепті Иса шәкірттерімен оңаша қалғанда, астарлы әңгіменің мағынасын түсіндірді: «Тұқым дегеніміз — Құдайдың сөзі. Жол бойына түскендері Құдайдың сөзін естіп, бірақ оны түсінбеген адамдарды бейнелейді. Адамдар сенбесін, құтқарылмасын деп, шайтан олардан Құдайдың сөзін ұрлап алып кетеді.

Frame 33-07

Тастақ жер Құдайдың сөзін естігенде оны қуанышпен қабылдаған адамды бейнелейді. Мұндай адам қиыншылыққа тап болғанда немесе басқалар тарапынан қуғын көргенде, сенімінен безіп кетеді. Сөйтіп ол Құдайға сенім артуын тоқтатады».

Frame 33-08

Тікенді жер Құдайдың сөзін естіген адамды бейнелейді. Ол әр нәрсені уайымдап, көп ақша табуға және дүние-мүлік жинауға тырыса бастайды. Біраз уақыт өткеннен кейін оның Құдайға деген сүйіспеншілігі суып қалады. Құдайдың сөзінен үйренген нәрселердің бәрі енді оған Құдайға ұнамды өмір сүруге көмектеспейді. Бұндай адам дәні жоқ бидай сабағына ұқсас.

Frame 33-09

Ал құнарлы жердегі дәндер Құдайдың сөзін естіп, Оған сенім артатын әрі өнім беретін адамды бейнелейді.

Матай 13:1-8, 18-23, Марқа 4:1-8, 13-20 және Лұқа 8:4-15 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі