kk_obs/25.md

3.3 KiB
Raw Permalink Blame History

25. Исаның шайтанның сынағынан өтуі

Frame 25-01

Шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін Киелі Рух Оны айдалаға бастап алып барды. Иса сол жерде қырық күн және қырық түн болды. Сол уақыт бойы Ол ораза ұстады, бірақ соңында әбден ашықты. Сонда шайтан Исаның қасына келіп, оны азғыра бастады.

Frame 25-02

Шайтан Исаға: «Егер Құдайдың (рухани) Ұлы болсаң, мына тастарды жейтін нанға айналдыршы», — деді.

Frame 25-03

Бірақ Иса шайтанға былай деп жауап берді: «Құдай Сөзінде: Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен өмір сүреді деп жазылған».

Frame 25-04

Осыдан кейін шайтан Исаны ғибадатхананың төбесіне апарып, былай деді: «Егер Сен Құдайдың (рухани) Ұлы болсаң, жерге секірші, өйткені Киелі жазбада: «Сен аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін Құдай періштелеріне Сені алып жүруді бұйырады — деп жазылған ғой»».

Frame 25-05

Бірақ Иса шайтанның айтқанын істемеді. Иса оған жауап қайтарып былай деді: «Құдай Иеңді еркінсіп сынама деп Тауратта жазылған!»

Frame 25-06

Содан кейін шайтан Исаны биік таудың басына шығарып, әлемнің барлық патшалықтарын, олардың байлықтары мен құдіретін көрсетті. Содан кейін шайтан Исаға: «Егер аяғыма жығылып маған ғибадат етсең, бұлардың бәрін Саған беремін», — деді.

Frame 25-07

Бірақ Иса былай деп жауап берді: «Қасымнан кет, шайтан! Құдайдың сөзінде Ол Өз халқына былай деген: «Жалғыз Құдай Иелеріңе ғана сиынып, тек Оны қастерлеңдер!»»

Frame 25-08

Иса шайтанның азғыруына берілмеді. Содан кейін шайтан Оның қасынан кетіп қалды. Сол кезде Исаның қасына періштелер келіп, Оған қызмет етті.

Матай 4:1-11, Марқа 1:12-13 және Лұқа 4:1-13 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі