kk_obs/23.md

5.3 KiB
Raw Permalink Blame History

23. Исаның дүниеге келуі

Frame 23-01

Мәриям Жүсіп есімді әділ жігітке айттырылып қойған еді. Ол Мәриямның аяғы ауыр екендігін білгенде, оған жаны ашып, қалыңдығын ел алдында ұятқа қалдырмау үшін ешкімге білдірмей келісімдерінен бас тартпақ болды. Бірақ ол осыны ойлап жүргенде, періште түсінде оған келіп аян берді.

Frame 23-02

Періште оған: «Жүсіп, Мәриямға үйленуден қорықпа. Себебі құрсағындағы Баласы Киелі Рухтан. Мәриям ұл таппақ, Оның атын Иса (Жаратқан Ие құтқарады деген мағынада) деп қой! Себебі Ол халқын күнәларынан құтқаратын болады», — деді.

Frame 23-03

Жүсіп Мариямға үйленіп, оны өз үйіне әкелді, бірақ ол босанып, Ұлын тапқанша Жүсіп онымен жақындасқан жоқ.

Frame 23-04

Сол уақыттары Рим әміршісі Исраил адамдарын санақтан өткізуді ұйғарды. Ол әркімнің ата-бабалары тұрған жерге барып, тізімге тіркелуін бұйырады. Сондықтан олар Дәуіт патшаның туған қаласы Бетлехемге барды, ол Жүсіп пен Мәриямнің ата-бабасы еді. Сол жерде Мәриямның босанатын уақыты келді.

Frame 23-05

Бетлехемде Жүсіп пен Мәриямға мал қорадан басқа түнейтін орын болмады. Мәриям сол жерде босанады. Төсек болмағандықтан, ол нәрестені ақырға жатқызады. Жүсіп пен Мәриям нәрестені Иса деп атайды.

Frame 23-06

Сол маңайда түнде бірнеше малшы малдарын күзетіп жатқан еді. Кенет олардың алдында жарқыраған періште пайда болды. Малшылар қатты қорқып кетті, сонда періште оларға: «Қорықпаңдар, мен сендерге қуанышты хабар әкелдім. Бүгін Бетлехемде Иеміз Мәсіх дүниеге келді!

Frame 23-07

Мұның белгісі ретінде сендер ақырда құндақтаулы жатқан Нәрестені көресіңдер», — деді. Кенет аспан періштелерге толып кетті. Олар Құдайды мадақтап: «Заңғар көкте Құдай мадақталсын! Жер жүзінде Өзі риза болған адамдарға тыныштық болсын!» - деді.

Frame 23-08

Содан кейін періштелер көкке көтеріліп, малшылардан алыстап кетті. Малшылар қойларын тастап, Нәрестені көруге асықты. Көп ұзамай олар періште айтқан жерге келіп, ақырда жатқан Исаны тапты. Олар қатты қобалжыған еді. Малшылар Жүсіп пен Мәриямға Сәби туралы періштеден естігендерін айтып берді. Олар көріп-естігендері үшін Құдайды мадақтап, қойлары жатқан жерге қайтып кетті.

Frame 23-09

Шығыстағы бір елде ғұламалар тұратын. Олар жұлдыздарды зерттейтін. Бір күні сол ғұламалар аспаннан ерекше бір жұлдызды байқайды. Бұл жұлдыздың яһудилердің жаңа туған Патшасының дүниеге келгенін көрсететінін түсінді. Сол себепті олар сол Патшаға ізет білдіру үшін жолға шығады. Олар ұзақ жол жүріп Иса мен Оның әке-шешесі тұрған Бетлехем қаласына келеді.

Frame 23-10

Ғұламалар нәресте мен анасын көрген кезде Оған иіліп ізет білдірді. Содан кейін ғұламалар Исаға бағалы сый тартуларын ұсынып, үйлеріне оралды.

_Матай 1-тарау және Лұқа 2-тараудан алынған Киелі кітап әңгімесі