kk_obs/19.md

12 KiB
Raw Permalink Blame History

19. Пайғамбарлар

Frame 19-01

Құдай исраилдіктерге үнемі пайғамбарларын жіберіп отырды. Пайғамбарлар Құдайдың сөзін естіп, оны адамдарға жеткізетін.

Frame 19-02

Ахаб Исраил елінде патшалық құрған уақытта сол елде Ілияс есімді бір пайғамбар өмір сүрді. Ахаб жаман адам еді. Ол бүкіл халықтың Бағал есімді жалған тәңірге табынуына түрткі болды. Ілияс Ахабқа былай деді: «Жалған тәңірлерге табынғандарың үшін, енді жаза ретінде мен «Жаңбыр жаусын!» деп айтпайынша, Исраилде не жаңбыр да жаумайтын, не шық та түспейтін болады!» Осыны естігенде Ахабтың Ілиясқа ашуланғаны соншалық, оны өлтіруді ұйғарды.

Frame 19-03

Сонда Құдай Ілиясқа айдалаға барып, Ахабтан жасырынуды тапсырды. Ол Құдай көрсеткен бір сайдың маңына барды. Күн сайын таңертең және кеште қарғалар оған нан мен ет әкеліп отырды. Сол уақытта Ахаб пен оның әскері Ілиясты қанша іздесе де, таба алмады.

Frame 19-04

Біраз уақыттан кейін сайдың суы жаңбыр жаумағандықтан тартылып қалды. Сонда Ілияс Құдай бұйырғандай жақын маңдағы елге барды. Сол жерде бір кедей жесір әйел баласымен бірге тұратын. Елде астық болмағандықтан олардың тамақтары таусылайын деп жатты. Бірақ әйел Ілиясқа қамқорлық көрсеткендіктен, Құдай оларды тамақпен қамтамасыз етті: жаңбыр жауғанға дейін кеспектегі ұн мен құмырадағы май таусылмады. Сондықтан елді қуаңшылық пен аштық жайласа да, оларда әрдайым жейтін тамақтары болды. Бұл үш жылға созылды.

Frame 19-05

Ақырында Құдай Ілиясқа қайта жаңбыр жаудыратынын айтады. Құдай Ілиясқа Исраилге қайтып, Ахаб патшаға баруды бұйырады. Ілияс патшаның алдына келді. Ахаб патша оны көргенде: «Міне, Исраилдің басына пәле түсірген адам», — дейді. Ілияс оған жауап қайтарып: «Исраилдің басына пәле түсірген өзіңсің! Сен шынайы Құдайды, Жаратқан Иені тастап, Бағалға табынып кеттің! Исраил тұрғындарының барлығын және Бағалдың жалған пайғамбарларын Қармил тауына жина», — деді.

Frame 19-06

Ахаб солай істеді. Исраилдің барлық тұрғындары Қармил тауына жиналды. Бағалдың атынан сөйлейтін адамдар да келді. Олар Бағалдың пайғамбарлары еді. Ілияс адамдарға: «Сендер қашанғы екі ойлы болып жүре бермексіңдер? Егер Жаратқан Ие — Құдай болса, онда Жаратқан Иеге табыныңдар! Егер Бағал — Құдай болса, онда Бағалға табыныңдар!» — деді.

Frame 19-07

Содан кейін Ілияс Бағалдың пайғамбарларына: «Бұқаны сойып, оны бөлшектеп, құрбандық орнына қойыңдар, бірақ от жақпаңдар. Содан соң мен де дәл солай істеп, малды құрбандық орнына қоямын. Кім құрбандыққа от жіберсе, сол шынайы Құдай», — дейді. Бағалдың пайғамбарлары құрбандықты дайындайды, бірақ от жақпайды.

Frame 19-08

Содан кейін олар өздерінің құдайларына: «Уа, Бағал, бізге құлақ сала гөр!» — деп сиына бастады. Олар күні бойы дұға етіп, айқайлап денелерін пышақпен тілгілей берді. Бірақ Бағал оларға жауап бермеді және от та жібермеді. Frame 19-09

Бағалдың пайғамбарлары оған күні бойы дұға етті. Кешке қарай олар дұғаларын тоқтатты. Сонда Ілияс малды алып Құдайға арналған құрбандық шалатын орнына қойды. Ол құрбандық шалатын орынның айналасындағы арық суға толғанша, малдың еті мен отынның үстіне адамдарға он екі құмыра су құйғызды.

Frame 19-10

Содан кейін Ілияс былай деп дұға етті: «Уа, Жаратқан Ие — Ыбырайым, Ысқақ пен Жақыптың Құдайы! Бүгін Өзіңнің Исраил халқының Құдайы екеніңді, ал мен Сенің қызметшің екенімді көрсете гөр. Маған жауап бере гөр, сонда мына халық Сенің шынайы Құдай екеніңді білетін болады». Frame 19-11

Сол сәтте аспаннан от жалыны түсіп, құрбандықты, отынды, тастарды өртеп, тіпті құрбандық шалатын орынның айналасындағы суды да құрғатып жіберді. Адамдар соны көргенде, етпеттерінен жерге жата кетіп: «Жаратқан Ие — шынайы Құдай! Жаратқан Ие — шынайы Құдай!» — деп айқайлай берді.

Frame 19-12

Содан кейін Ілияс былай деді: «Бағалдың пайғамбарларының қашып кетулеріне жол бермеңдер». Халық Бағалдың пайғамбарларын ұстап алып, басқа жерге алып барды. Сөйтіп сол жерде олардың көздерін құртты.

Frame 19-13

Ілияс Ахаб патшаға: «Нөсер жаңбырдың астында қалып қоймау үшін тез арада үйіңізге қайтыңыз», — деді. Көп ұзамай аспанды қара бұлт басып, жаңбыр құйып кетті. Осылайша Жаратқан Иенің бұйрығымен қуаңшылық тоқтады. Бұл Оның шынайы Құдай екеніне дәлел болды.

Frame 19-14

Ілияс жер бетіндегі қызметін аяқтағанда, Құдай Еліше есімді адамды Өзінің пайғамбары етіп тағайындады. Құдай Еліше арқылы көптеген кереметтер жасады. Сол кереметтердің бірі Нағыман деген әскер қолбасшысымен болды. Ол емі жоқ тері ауруымен ауыратын. Нағыман Еліше туралы естіп, оған барып, өзін сауықтыруын өтінді. Бірақ Еліше Нағыманның алдынан шықпай, бір қызметшісі арқылы оған Иордан өзеніне жеті рет түсіп шомылуды тапсырады.

Frame 19-15

Бастапқыда Нағыман Елішенің оның алдынан шықпағанына ашуланып, айтқанын орындағысы келмеді. Бірақ кейін райынан қайтып, Иордан өзеніне барып жеті рет суға түсіп шомылады. Сонда Құдай оны ауруынан құлан-таза сауықтырады.

Frame 19-16

Елішеден кейін Құдай Исраил халқына көптеген пайғамбарларды жіберіп отырды. Барлығы оларды жалған тәңірлерге табынудан бас тартуға шақырды. Мұның орнына олар әділдікті ұстанып, бір-біріне мейірімді болуға тиісті еді. Пайғамбарлар халыққа, егер зұлымдық жасауларын доғармаса әрі Құдайға мойынсұнбайтын болса, онда Құдай оларға күнәлары үшін үкім шығарып, жазалайтынын ескертті.

Frame 19-17

Бірақ халық көп жағдайда Құдайға мойынсұнбады. Адамдар көбіне пайғамбарларды қудалап, кейде тіпті өлтіретін. Бірде олар Еремия деген бір пайғамбарды өлтіру үшін суы жоқ, түбі батпақ құдыққа тастады. Патшаның оған жаны ашып, өліп қалмас бұрын оны нөкерлеріне құдықтан шығарып алуды бұйырды. Бұған дейін ол батпаққа белшесінен батқан еді.

Frame 19-18

Олардың жек көргендеріне қарамастан пайғамбарлар адамдарға Құдайдың сөзін жеткізе берді. Егер олар теріс жолдарынан қайтып, тәубеге келмесе, онда Құдайдың оларды жойылуға қалдыратынын ескертті, сөйтіп Оған мойынсұнуға шақырып отырды. Сонымен қатар пайғамбарлар Құдайдың Мәсіхті жіберетіні жөніндегі уәдесін адамдардың естеріне салып отырды.

Патш 3-ж. 16-18; Патш 4-ж. 5; Еремия 38-тараулардан алынған Киелі кітап әңгімесі