kk_obs/36.md

3.0 KiB
Raw Permalink Blame History

36. Исаның нұрлы салтанатымен көрінуі

Frame 36-01

Бір күні Иса дұға ету үшін биік тауға көтерілді. Ол Өзімен бірге үш шәкіртін: Петір, Жақып және Жоханды ертіп алған еді.

Frame 36-02

Иса тауда дұға етіп тұрғанда Оның бет-әлпеті күндей жарқырап кетті. Оның киімдері нұрланып, жер бетіндегі бірде-бір шебер ағарта алмайтындай аппақ болды.

Frame 36-03

Кенеттен жүздеген жылдар бұрын жер бетінде өмір сүрген Мұса мен Ілияс пайғамбар пайда болды. Сонда олар Исамен Оның Иерусалимдегі өлімі жайлы сөйлесіп тұрды.

Frame 36-04

Мұса мен Ілияс Исамен сөйлесіп тұрғанда, Петір Исаға: “Осы жерде болғанымыз сондай жақсы! Үш күрке жасайық: бірі Саған, бірі Мұсаға, бірі Ілиясқа” — деді. Қорыққаннан Петірдің өзі не айтып тұрғанын түсінбеді.

Frame 36-05

Петір әлі де сөйлеп жатқанда, олардың үстіне жарқыраған бұлт түсіп, олар бұлттың ішінде қалды. Сонда бұлттың арасынан: “Бұл Менің сүйікті Ұлым! Оған ризамын. Оны тыңдаңдар” — деген дауыс естілді. Шәкірттердің үшеуі қатты қорыққандарынан етпеттерінен жерге құлап түсті.

Frame 36-06

Сонда Иса оларға қолын тигізіп: “Қорықпаңдар! Тұрыңдар!” — деді. Олар жан-жағына қарағанда, Исадан басқа ешкімді көрмеді.

Frame 36-07

Содан кейін Иса үш шәкіртімен таудан түседі. Иса оларға: “Мұнда көргендеріңді ешкімге тіс жарып айтпаңдар. Мен жақында өлемін, бірақ қайта тірілетін боламын. Сол кезде ғана адамдарға айтсаңдар болады” — деді.

Матай 17:1-9, Марқа 9:2-8 және Лұқа жазған ізгі хабар 9:28-36 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімесі