kk_obs/31.md

3.2 KiB
Raw Permalink Blame History

31. Исаның судың бетімен жүруі

Frame 31-01

Иса бір топ адамды тамақтандырғаннан кейін шәкірттеріне қайыққа мініп, көлдің арғы жағасына өтуге бұйырды. Ол жұртты үйлеріне қайтарған соң мінәжат ету үшін бір төбенің басына шықты. Кеш түскенге дейін Иса сол жерде қалып дұға етті.

Frame 31-02

Сол уақытта шәкірттері қайықпен жүзіп бара жатты. Жел қарсы тұрғандықтан түннің ортасында олар көлдің жартысына дейін ғана жеткен еді.

Frame 31-03

Осы уақытта Иса дұғасын аяқтап, шәкірттеріне қарай беттеді. Иса олардың қайықтарына судың үстімен жүріп барды.

Frame 31-04

Шәкірттері Оны көргенде, қатты қорқып кетті, өйткені олар Оны елес екен деп ойлап қалды. Иса олардың қорқып тұрғанын көріп: “Қорықпаңдар. Бұл Менмін!” — деді.

Frame 31-05

Сонда Петір Исаға былай деді: “Ұстаз, егер бұл Өзіңіз болсаңыз, онда маған су бетімен қасыңызға баруға бұйырыңызшы”. Сонда Иса Петірге: “Кел!” — деді.

Frame 31-06

Петір қайықтан шығып, су бетімен Исаға қарай жүрді. Бірақ біраз жүргеннен кейін, ол Исадан көзін алып қатты соққан жел мен айналасындағы үлкен толқындарды байқады.

Frame 31-07

Қорқып кеткен Петір суға бата бастады. Ол: “Ұстаз, мені құтқарыңыз!” — деп айқалайды. Иса дереу қолын созып, оны ұстап алды. Сонда Ол Петірге: “Сенімің аз екен! Неге сен күдіктене бастадың?” - деді.

Frame 31-08

Содан кейін Петір мен Иса қайыққа отырды, сол сәтте жел де тоқтап, көл де тынышталды. Шәкірттері қайран қалып аң-таң болды. Олар Исаға тағзым етіп, былай деді: “Сен шынымен де Құдайдың Ұлысың!”

Матай 14:22-33, Марқа 6:45-52 және Жохан жазған ізгі хабар 6:16-21 үзінділерінен алынған Киел кітап әңгімесі