kk_obs/26.md

5.6 KiB
Raw Permalink Blame History

26. Исаның Өз қызметін бастауы

Frame 26-01

Иса шайтанның сынағынан өткеннен кейін, Ол Өзінің тұрған жері Ғалилея аймағына қайтып келді. Киелі Рух Оған зор құдіретін дарытты. Иса Ғалилея аймағында қаладан қалаға барып, әр жерде адамдарға тәлім беріп жүрді. Адамдар Ол жайлы жақсы пікірде еді.

Frame 26-02

Бір күні Иса Өзінің балалық шағы өткен Назарет қаласына келді. Иса сенбі күні Құдайға сиынатын орын, мәжілісханаға барды. Сол жерде Оған дауыстап оқуға Ишая пайғамбардың сөздері жазылған шиыршық кітапты берді. Иса жазбаны ашып оқи бастады.

Frame 26-03

Ол дауыстап былай деп оқыды: “Маған Жаратқан Ие Өзінің Рухын қондырды. Ол мені жарлыларға ізгі хабар жеткізуге тағайындады, сондай-ақ тұтқындарды босатып, соқырлардың көздерін ашуға және езілгендерді қанаудан азат етуге жіберді. Осы уақытта Иеміз бізге мейірімін төгіп, көмектеседі”.

Frame 26-04

Содан кейін Иса орнына отырды. Сол жердегілердің барлығы Оған мұқият қарап тұрды. Олар Иса оқыған жазба үзіндісі Мәсіх туралы екенін білді. Иса: “Енді оқығандарымның бәрі орындалып жатыр”, — деді. Барлық адамдар қатты таң қалысты. Олар: “Бұл Жүсіптің ұлы емес пе?” — деп өзара сұрасты.

Frame 26-05

Сонда Иса: “Пайғамбардың өз қаласында қабылданбайтыны шындық. Ілияс пайғамбардың кезінде Исраилде жесірлер көп болған. Бірақ үш жарым жыл жаңбыр жаумаған кезде, Құдай Ілиясты исраилдік жесір әйелге жібермей, оны басқа ұлттың жесір әйеліне жіберді” — деді.

Frame 26-06

Иса сөзін былай деп жалғастырды: “Ал Еліше пайғамбардың заманында Исраилде тері ауруларымен ауыратын адамдар көп болатын. Бірақ Еліше олардың ешқайсысын емдеген жоқ. Ол тек Исраил жауларының қолбасшысы Нағыманның тері ауруын емдеді”. Исаны тыңдаған адамдар яһудилер еді. Сондықтан олар Одан мұндай сөздерді естігенде, қатты ашуланды.

Frame 26-07

Назарет тұрғындары Исаны ұстап алып мәжілісханадан шығарады. Оны құлатып өлтірмек болып, таудың тік жарына алып барады. Бірақ Иса араларынан өтіп шығып, Назареттен кетіп қалады.

Frame 26-08

Содан кейін Иса бүкіл Ғалилея аймақтарын аралап жүрді, көптеген адамдар Исаға келіп жатты. Олар соқырлар, мүгедектер, кереңдер, мылқаулар және басқа да ауруларға шалдыққан адамдарды алып келетін. Иса оларды сауықтыратын.

Frame 26-09

Сонымен қатар Исаға көптеген жын соққан адамдарды алып келіп жатты. Иса жындарға шық деп бұйрық бергенде, олар адамның денесінен шығып кететін. Жындар былай деп айқалайтын: “Сен - Құдайың Ұлысың!” Бірақ Иса оларға Оның кім екенін айтуға тиым салды. Қалың жұрт Исаның күші мен билігіне таң қалып, Жаратқан Иені мадақтады.

Frame 26-10

Исаның соңынан көптеген адам еріп жүрді, кейбіреулері Оның шәкірттерінің қатарына қосылды. Ол шәкірттерінің арасынан 12 адамды таңдап алды, олар Исаның ерекше өкілдері болатын. Иса оларды “елшілер” деп атады. Елшілер Исамен бірге жүріп, Одан тәлім алды.

Матай 4:12-25, Марқа 1:14-15, 35-39; 3:13-21 және Лұқа 4:14-30, 38-44 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімелері