kk_obs/24.md

5.0 KiB
Raw Permalink Blame History

24. Жақияның Исаны шомылдыру рәсімінен өткізуі

Frame 24-01

Зәкәрия мен Елізабеттің ұлдары Жақия ер жетіп пайғамбар болды. Ол айдалада шегіртке мен жабайы араның балын жеп, түйе жүнінен жасалған шапанды киіп өмір сүрді.

Frame 24-02

Көптеген адамдар Жақияны тыңдау үшін айдалаға келіп жатты. Ол былай деп уағыз айта бастады: “Теріс жолдан қайтып, Құдай жолына түсіңдер! Құдай Патшалығының жер бетіне орнайтын кезі таяп қалды!”

Frame 24-03

Адамдар Жақияның сөздерін естігенде күнәларын мойындап жатты. Жақия оларды Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өткізді. Сол рәсімнен өту үшін көптеген діни басшылар да келді, бірақ олар өз күнәларына өкініп, теріс жолдан қайтпады.

Frame 24-04

Жақия діни басшыларға: “Сендер — улы жылансыңдар! Тәубеге келіп, өзгеріңдер. Құдай жақсы жеміс бермейтін әрбір ағашты шауып, отқа тастайды.” — деді. Көбі Жақияны Құдайдан келген пайғамбар деп құрметтеді. Жақия пайғамбарлардың мына сөздерін орындады: “Мен Сенің алдыңда Саған жол дайындайтын Өзімнің хабаршымды жіберемін. Барлық сайлар толып, тау төбелер аласартылсын, бұралаң жолдар түзетілсін, бұлдыр жолдар тегіс болсын” — деді.

Frame 24-05

Кейбір діни басшылар Жақияға: “Сен Мәсіхсің бе?” — деді. Жақия жауап қайтарып: “Мен Мәсіх емеспін, Ол менен кейін келеді. Оның менен құдіретті болғаны соншалық, мен тіпті оның кебісін алып беруге де тұрмаймын.” — деді.

Frame 24-06

Келесі күні шомылдыру рәсімнен өту үшін Иса Жақияға келеді. Жақия Исаны көріп былай дейді: “Қараңдар! Мынау Құдайдың құрбандыққа жіберген тоқтысы. Ол осы әлемнің күнәсін өз мойнына артып, сол үшін жанын қияды”.

Frame 24-07

Кейін Жақия Исаға былай деді: “Сізді осы рәсімнен өткізуге мен лайық тыемеспін. Сіз мені шомылдыру рәсімнен өткізуіңіз керексіз”. Иса былай деп жауап берді: “Жоқ. Сен осы рәсімді өткізуің керек, солай Құдайдың еркі толығымен орындалады”. Иса күнәсіз болса да, Жақия Оны шомылдыру рәсімінен өткізеді.

Frame 24-08

Иса шомылдыру рәсімінен өтіп судан шыққан кезде, Құдайдың Рухы аспаннан көгершін бейнесінде келіп, Исаның үстіне қонды. Дәл сол сәтте Құдай аспаннан: “Бұл Менің ұлым! Ол Менің сүйікті Ұлым және Мен Оған ризамын!” — деді.

Frame 24-09

Құдай осылай болатынын алдын ала Жақияға айтқан еді: “Сен шомылдырған бір Адамның үстіне Киелі Рух қонады. Ол Құдайдың Ұлы болады”. Бұл оқиға Құдайдың жалғыз екенін және Ол үшбірлік екенін көрсетеді. Жақия Исаны шомылдыру рәсімінен өткізген кезде Құдай-Әкенің сөйлегенін естіді, Құдай-Ұлы Исаны, сонымен қатар Құдай-Киелі Рухты көрді.

Матай 3, Марқа 1:9-11, Жохан 1 :6-34,Лұқа 3:1-23 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі.