kk_obs/11.md

3.6 KiB
Raw Permalink Blame History

11. Құтқарылу мейрамы

Frame 11-01

Құдай Мұса мен һаронды перғауынның алдына қайта жіберіп, Исраил халқын жіберуін талап етті. Егер перғауын Исраил халқын жібермесе, онда Құдай мысырлықтардың тұңғыш ұлдары мен малдарының тұңғыш еркектерін өлтіретінін ескертті. Бірақ перғауын мұны естісе де Құдайға сенбей, Оған мойынсұнбады.

Frame 11-02

Мысыр елін ауыр жаза күтіп тұрды. Бірақ Құдай Исраил елінің тұңғыш ұлдарына құтқарылу жолын дайындап қойған еді. Әр отбасы мінсіз тоқтыны таңдап, оны құрбандыққа шалулары тиіс болатын.

Frame 11-03

Құдай исраилдіктерге сол тоқтының қанымен үйлерінің есік жақтаулары мен маңдайшаларын жақсын және тоқтының етін отқа қақтап, ашытқысыз пісірілген нанмен тезірек жесін деп бұйырды. Сонымен қатар Құдай оларға, ет пен нанды жегеннен кейін Мысырдан шығуға дайын болсын деп айтты.

Frame 11-04

Исраилдіктер Құдайдың айтқанын бұлжытпай орындады. Түн ортасында Құдай Мысыр елінен өтіп, әрбір тұңғыш ұлды өлтіріп тастады.

Frame 11-05

Исраилдіктердің үйлерінің есік жақтаулары мен маңдайшаларына қан жағылған еді, Құдай сол үйлердің қасынан өтіп кетеді. Осы үйлердің ішіндегі адамдар аман қалды. Олар тоқтының қаны арқылы құтқарылды.

Frame 11-06

Перғауын Құдайға сенгісі келмей Оған мойынсұнбады, сондықтан Құдай бүкіл Мысыр елін жазалады. Ол мысырлықтардың әрбір тұңғыш ұлдарын өлтірді.

Frame 11-07

Мысырлықтардың әрбір тұңғыш ұлдары: түрмеде отырған тұтқынның тұңғышынан бастап, перғауынның тұңғышына дейін өлді. Бүкіл мысыр еліндегі адамдар қайғыдан зар еңіреп жылады.

Frame 11-08

Сол түні перғауын Мұса мен Һаронды шақырып алып: “Бүкіл Исраил халқын жинаңдар да дереу Мысыр жерінен кетіңдер!” — деді. Мысырлықтар да исраилдіктердің дереу кетуін талап етті.

Мысырдан шығу 11:1-12:32 үзінділерінен алынған Киелі кітап әңгімелері