kk_obs/07.md

4.6 KiB
Raw Permalink Blame History

7. Құдайдың Жақыпқа берген батасы

Frame 07-01

Балалар ер жетті. Есау аң аулауды, ал Жақып үйдің маңайында жүруді ұнататын. Ысқақ Есауды жақсы көрсе, Жақып Рабиғаның сүйіктісі болды.

Frame 07-02

Бір күні Есау аң аулап, үйге қарны ашып келеді. Ол Жақыпқа: “Маған пісіріп жатқан тамағыңнан берші” — деп өтінді. Жақып оған: “Сен алдымен маған өзіңнің тұңғыштық жолыңды беремін деп уәде бер” — деді. Есау Жақыпқа тұңғыштық жолын беруге келіседі. Сонда Жақып оған пісірген тамағынан ұсынады.

Frame 07-03

Ысқақ батасын Есауға бергісі келді, бірақ Рабиға мен Жақып оны алдағандықтан, өз батасын Жақыпқа беріп қояды. Жақып әкесіне Есау болғансып келеді. Ол Есаудың киімін киіп, мойыны мен қолын лақтың терісімен орап алады. Ысқақ қартайып көзі көрмегендіктен алданып қалады.

Frame 07-04

Жақып Ысқаққа келіп былай дейді: “Мен Есаумын, батаңызды алуға келдім”. Сонда Ысқақ лақтың терісін сипалап, киімінен Есаудың иісін сезеді де, алдына келіп тұрған Есау екен деп, Жақыпқа батасын береді.

Frame 07-05

Жақып Есауға тиісті батаны алдап алып қойғаны үшін ол Жақыпты жек көре бастады. Сондықтан Ысқақ дүниеден қайтқаннан кейін, Есау Жақыптың көзін құртамын деп шешкен еді.

Frame 07-06

Есаудың ойын біліп қойғаннан кейін, Рабиға мен Ысқақ Жақыпты өзінің алыс жерде тұратын туған-туыстарына жібереді.

Frame 07-07

Жақып сол жерде көп жыл тұрды. Осы уақыт ішінде ол үйленіп, он екі ұл және бір қыз сүйді. Сонымен қатар Құдай оған үлкен байлық сыйлады.

Frame 07-08

Туған үйінен алыс жерде жиырма жыл тұрғаннан кейін Жақып отбасымен бірге, құлдары мен бар мал-мүлкін алып Қанахан еліне қайтуға шешім қабылдайды.

Frame 07-09

Есау мені әлі де өлтіргісі келеді деп ойлап, Жақып одан қатты қорықты. Сондықтан ол Есауға сый ретінде малдардан бірнеше табынды жіберді. Қызметшілер малдарды Есауға алып келіп: “Құлыңыз Жақып осы малдарды сізге сый ретінде жіберді. Ол өзі жақын арада келеді” — деді.

Frame 07-10

Алайда Есаудың Жақыпты өлтіретін ойы болмады. Керісінше ол оны қайтадан көре алатынына қатты қуанды. Татуласқаннан кейін олар Қанахан жерінде бірге тұрып жатты. Әкелері Ысқақ қайтыс болғанда, Жақып пен Есау оны жер қойнына тапсырды. Құдайдың Ыбырайымға келісіммен бекітілген уәделері, енді Ысқақ арқылы Жақыпқа өтті.

Жаратылыстың басталуы 25:27-33:20 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі