kk_obs/06.md

3.0 KiB
Raw Permalink Blame History

6. Құдайдың Ысқаққа деген қамқорлығы

Frame 06-01

Уақыт өтіп жатты. Ыбырайым қартайып, ал оның ұлы Ысқақ ер жетті. Бір күні Ыбырайым Ысқаққа қалыңдық алып келсін деп бір қызметшісін туған-туыстарының еліне жібереді.

Frame 06-02

Қызметшісі Ыбырайымның туған-туыстарының жеріне ұзақ жол жүріп барды. Сол елге жеткенде, Құдай оны Рабиғаға кездестірді. Рабиға Ыбырайымның ағасының немере қызы еді.

Frame 06-03

Рабиға туған үйін тастап, қызметшімен бірге Ысқаққа баруға келісті. Ол келген кезде, Ысқақ бірден оған үйленеді.

Frame 06-04

Арада ұзақ уақыт өтті. Ыбырайым қайтыс болды. Құдай Ыбырайыммен жасаған келісіміне сай оның ұлы Ысқақты жарылқайды. Бұл келісімде Құдай Ыбырайымның сансыз көп ұрпағы болады деп уәде етті. Бірақ Ысқақтың әйелі Рабиға бала көтере алмады.

Frame 06-05

Ысқақ Рабиға үшін Құдайға сиынғандықтан ол Құдайдың жарылқауымен егіз балаға жүкті болды. Бірақ егіз ұлдары әлі анасының құрсағында жатса да бір-бірімен күресе бастады. Сонда Рабиға Құдайға келіп соның мәнісін сұрады.

Frame 06-06

Құдай Рабиғаға: “Сен екі ұл туасың. Олардың ұрпақтарынан екі ұлт тарайтын болады. Осы ұлттар бір-бірімен жауласып жүретін болады. Бірақ бірінші ұлдан тараған ұлт кіші ұлдан тараған ұлтқа мойынсұнатын болады” — деді.

Frame 06-07

Уақыты келгенде Рабиға дүниеге егіз ұл әкеледі. Үлкен ұлы қызыл түкті болып туылады. Оған Есау деген ат қояды. Ал сыңары бірден Есаудан кейін, оның өкшесінен ұстап туылды. Оған Жақып деген ат қояды.

Жаратылыстың басталуы 24:1-25:26 тарауларынан алынған Киелі кітап әңгімесі